Шатырын жөндемек болған: Жамбылда дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

Шатырын жөндемек болған: Жамбылда дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

Шатырын жөндемек болған: Жамбылда дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты
ашық дереккөзі

Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 17 жасар жігіт мерт болды. Қайғылы жағдай Полатқосшы ауылдық округі, Жалпақтөбе ауылында болған.

ҚазАқпараттың жазуынша, ауыл тұрғыны желден ұшқан шатырын жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім еткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. «Биыл 17 қараша күні сағат 17:30 шамасында Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, 2004 жылы туған, кәмелет жасқа толмаған Адильжанов Динмухамат Харсанович қатты желден ұшқан шатырын жөндемек болып, шатырдан құлаған. Ол алған дене жарақатынан қайтыс болды»,- делінген хабарламада. Қазіргі уақытта Жалпақтөбе ауылында қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Оқиғаға қатысты ешқандай шиеленістер болған жоқ. Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысында қатты дауыл соғып, салдарынан Тараз қаласында нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылды, электр тасымалдау желілері істен шықты, көптеген ғимараттың шатыры жұлынып, ағаштар құлады, автомобильдер бүлінді. Дауыл салдарынан қазіргі уақытта бірқатар аудан жарықсыз және көгілдір отынсыз отыр. Осы уақытқа дейін қарлы боранда жолда қалып қойған 26 адам құтқарылды.