ШҚО-да 3 жасар бала тойда көз жұмды

ШҚО-да 3 жасар бала тойда көз жұмды

ШҚО-да 3 жасар бала тойда көз жұмды
ашық дереккөзі

ШҚО-да 3 жасар бала тойда көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, бала жаңғаққа қақалып қалған. Қайғылы оқиға 11 қарашада болған. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Тәртіп сақшылары 2018 жылы туған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтайтын қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу кодексінің ақпаратты жарияламау туралы бабына сәйкес өзге мәліметтерді хабарлаған жоқ. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берген жоқ.