Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді - Ұлттық банк төрағасы

Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді - Ұлттық банк төрағасы

Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді - Ұлттық банк төрағасы
ашық дереккөзі

Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Азық-түлік бағасының өсуі негізгі проинфляциялық фактор болды. Ол жалпы инфляциядағы үлестің жартысын иеленеді. Азық-түлік инфляциясы уақытша және барынша орнықты факторлардың әсерінен соңғы 5 айда алғашқы рет баяулап биылғы қазанда 11,5-тен 11,3 пайызға дейін төмендеді. Биылғы шілде-тамызда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының жаз айларына тән емес және соңғы жылдардағы рекордтық өсуі тіркелді», - деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндаған Ерболат Досаев. «Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын инфляция, бірінші кезекте, тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі аясында жанар-жағар май және ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының өсуі нәтижесінде жылдамдады. Ақылы қызметтер инфляциясы негізінен электр энергиясы, тұрғын үйді жалдау және көлік қызметтері бағасының өсуі есебінен жылдамдады»,- деді ол.