"26 жыл бұрын ұрлық жасаған": Сәуле Омароваға айып тағылды

"26 жыл бұрын ұрлық жасаған": Сәуле Омароваға айып тағылды

"26 жыл бұрын ұрлық жасаған": Сәуле Омароваға айып тағылды
ашық дереккөзі

Fox News телеарнасы (АҚШ Республикалық партиясының бас медиаресурсы) Қазақстан тумасы,  Джо Байденнің ақша айналымын бақылау басқармасының басшылығына ұсынған кандидаты Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын ұрлық жасады деген айып тақты, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 1995 жылы Омарова TJ Maxx дүкенінен 214 доллар тұратын төрт аяқ киім, екі одеколон, екі белбеу және шұлық ұрлағаны үшін қамауға алынған. Телеарна Омарова Висконсин штатының Мэдисон қаласында дүкен тонады деген айыппен қамауға алынғанын хабарлады. Висконсин әділет департаментінің мәліметінше, оқиға 1995 жылы 2 маусымда болған. Осы айыптаудан кейін Ақ үй Омарованы білікті кандидат ретінде қорғап, бұл істі "түсінбестік және шатастыру" деп мәлімдеді.
"Сәуле Омарованың біліктілігі жоғары, осы лауазымға мол тәжірибесі, терең академиялық білімі ескеріле отырып ұсынылды", - деді Ақ үй өкілі.
Ақ үй өкілі Fox News телеарнасының алғашқы репортажы мен айыптауларын сынға алды.
"Оңшыл саяси топ Fox News-пен бірге өз еліне қызмет етуге ұмтылған білікті кандидаттың атына кір келтіру үшін жұмыс істейтіні өкінішті", - деді шенеунік.