Түркістан облысында 1,5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсті

Түркістан облысында 1,5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсті

Түркістан облысында 1,5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсті
ашық дереккөзі

Түркістан облысының полицейлері 1,5 жыл бойы іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) және ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) баптары бойынша 1,5 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол 2019 жылы Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Бұл қылмыстық топ, 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиырларды жымқырып, сатып отырған. Яғни мал ұрлығының 19 жайтына қатысы болған. Осыған дейін аталған топтың бес мүшесі ұсталған. Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысында 214 мал ұрлығы қылмысы тіркелген. Ашылған қылмыс саны – 117. Сонымен қатар 2021 жылдың 10 айында 19 мал ұрлығы қылмыстарын жасаған топ құрықталып, олардың 70 жайтқа қатыстылығы дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданған.