Nur Otan

«Jas Otan» үздік белсенділер мен еріктілерді ақшалай сыйлықтармен марапаттайды

«Jas Otan» Жастар қанаты «Jastar – Оtanǵa!» жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жариялады.

«Jas Otan» үздік белсенділер мен еріктілерді ақшалай сыйлықтармен марапаттайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» Жастар қанаты «Jastar – Оtanǵa!» Жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Сыйлық үздік белсенділер мен волонтерлерді жемісті қоғамдық қызметі үшін марапаттау мақсатында тағайындалды. Бұл бастама ағымдағы жылдың маусым айында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Biz Birgemiz!» қозғалысының волонтерлерімен кездесуінде айтылды.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев волонтерлікті жаппай дамыту қажеттігіне назар аудара отырып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады: «Бүкіл әлемдегі жастар еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы болып табылады, ал волонтерлік – бұл жастардың еңбек нарығына жылдам бейімделуіне көмектесетін және олардың одан әрі өзін-өзі көрсетуіне ықпал ететін тетік». Өз кезегінде, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялауы ұлттық ауқымдағы волонтерліктің дамуына жүйелі серпін берді. Мемлекет басшысы «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисін жеке ашып, Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болды. Жастар өздерін көрсете білді, қоғам үшін көп нәрсе жасай алды. Бүгін ерікті болу-трендте болу. Осыған байланысты біз жыл сайынғы «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығын бекіттік», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Өтінімдерді келесі номинациялар бойынша беруге болады:
1. «Жылдың волонтерлік жобасы»;
2. «Үздік студенттік жоба»;
3. «Jas Otan» ЖҚ жыл белсендісі»;
4. «Жыл қаһарманы»;
5. «Үздік волонтер»;
6. «Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін»;
7. «Jas Otan» ЖҚ аймақтық үздік филиалы».

Өтінім беру талаптарымен www.jasotan.kz сайтынан таныса аласыздар

Өтінімдер 2021 жылғы 17-28 қараша аралығында JastarOtanga21@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша @jas_otan direct-не жазуға болады.

whatsapp image 2021 11 18 at 11.01.40

Back to top button