Қазақстанда құлдықта жүрмін деген ресейлік өтірік айтқанын мойындады

Қазақстанда құлдықта жүрмін деген ресейлік өтірік айтқанын мойындады

Қазақстанда құлдықта жүрмін деген ресейлік өтірік айтқанын мойындады
ашық дереккөзі

Қазақстанда 20 жылдан бері құлдықта жүрмін деп видео таратқан ресейлік Алексей Котов өтірік айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Қарағанды ​​облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Шет ауданындағы Мұхтар қыстағында мені күштеп ұстап отыр" деп мәлімдеген ер адамның видеосын анықтады. Бейнежазбада ол өзін Ресей Федерациясының азаматы Алексей Котовпын деп таныстырған.
"Ресей елшілігі өкілдерінің көз алдында Котовтан жауап алынды. Ол шаруа қожалығының аумағында өз еркімен жұмыс істегенін, ұялы телефон қолданғанын және кез келген уақытта шаруа қожалығының аумағынан кетіп қалуға мүмкіндігі болғанын мәлімдеді", - деп түсінік берді полиция.
Котов шаруа қожалығының иесіне қарсы арыз жазудан бас тартты, оған қоса ешкімге ешқандай кінә артпайтынын және бейнежазбаны үйіне қайту үшін жазғанын айтқан. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Алексей Котовты Нұр-Сұлтанға алып кеткенін, сол жерден үйіне жеткізілетінін хабарлады.