Тараздағы жойқын дауыл: 40-тан астам адам зардап шекті

Тараздағы жойқын дауыл: 40-тан астам адам зардап шекті

Тараздағы жойқын дауыл: 40-тан астам адам зардап шекті
ашық дереккөзі

Тараздағы дауыл кезінде 40-тан астам адам зардап шекті. Олардың 5-еуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қатты жел автобус аялдамаларын құлатып, ағаштарды тамырымен қопарып, көп қабатты үйлердің шатырын ұшырған. Қала ішінара жарық пен газсыз қалды. Желдің екпіні секундына 30 метрден асты.
- Таразда дауыл салдарынан 41 адам зардап шекті. Оның 5-і ауруханаға жатқызылды. Өңірде қар мен қатты бұрқасын салдарынан бірнеше бағыт бойынша көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Өңір трассаларынан 40 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде екі бала бар. Жолаушылар жылыту пункттеріне жеткізілді. Жеті аудан мен облыс орталығының оқушылары мен студенттері онлайн оқытуға көшірілді.