Атырауда жолаушылар автобусын айдап кеткен күдікті ұсталды

Атырауда жолаушылар автобусын айдап кеткен күдікті ұсталды

Атырауда жолаушылар автобусын айдап кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Атырау қаласында тұрақта тұрған автобусты айдап кеткен күдікті ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 17 қарашада болған. «Бүгін сағат 8:20 шамасында 102 арнасына Атырау қаласының тұрғынынан шағым түсті. Шағым берушінің айтуынша, ол тұрақта тұрған көлігін таппай қалған. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасына кірісті. Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы қызметкерлерінің көмегімен жоғалған автобустың жүру бағыты анықталды. Ал көлікті заңсыз айдап кеткен Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.