Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты жол жабылды. Синоптиктердің болжауынша өңірде ертең ауа райы қолайсыз болады. Бүгін сағат 10:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» республикалық маңызы бар жол автокөліктің барлық түрі үшін жабылды. «17 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жел соғады. 18 қарашада тұман түсіп, бұрқасын соғады. Оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ал, 17 қарашада күндіз, 18 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, тау асуларында желдің жылдамдығы 30 м/с асып кетеді», – делінген Қазгидрометтің Түркістан облысы филиалы таратқан хабарламасында.