Жаңалықтар

Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Ақорда.

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахань облысында туған.

Ташкент жоғары танк училищесін бітірген. Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болған.

Еңбек жолы:

  • Германиядағы кеңес әскерлері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары – штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары – штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005);
  • «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008);
  • «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008);
  • «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012);
  • «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013);
  • «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы (2013-2016);
  • ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016-2019).
  • 2019 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып қызмет істеді.
Back to top button