Елімізде алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет мамандарының болжамынша, 18-19 қарашада Антлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел соғады. 20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклон келеді, соның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын- шашын тоқтайды. Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның салдарынан қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5- 10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.