Қой бағуға шығып, оралмаған: Қызылорда облысында 12 жастағы балаға іздеу салынды

Қой бағуға шығып, оралмаған: Қызылорда облысында 12 жастағы балаға іздеу салынды

Қой бағуға шығып, оралмаған: Қызылорда облысында 12 жастағы балаға іздеу салынды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында мал бағуға шыққан 12 жастағы бала бір күннен бері табылмай жатыр. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға 16 қарашада Қазалы ауданы Кәукей ауылдық округіндегі Ажар елдімекенінде болды. Сол ауылда тұратын 2009 жылғы бала Дәулетбай Жанарыс Ғалымжанұлы сағат 09.00 шамасында елдімекеннің кезекпен бағылатын қойын жаюға шыққан. Алдындағы 200 қоймен шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан «Үшағаш» деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алған. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, іздестіру жұмысына кірісті. Сондай-ақ, оған ауыл тұрғындары, жасөспірімнің туған-туыстары, жедел құтқару қызметі, шекара қызметкерлері тартылған. Бұл мақсатта автокөліктер мен арнайы техника жұмылдырылған. «Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы 140-150 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Үстінде қызыл түсті куртка, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқ киім бар. Іздеу жұмысы Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Ауа райының күрт өзгеруі іздестіру жұмысын қиындатуда. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы полиция департаментіне, Қазалы аудандық полиция бөліміне «102» арнасына, 8 (724 38)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта іздестіру жұмысы жалғасуда», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінен. Департамент мамандары облыс тұрғындарынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды күшейтуге назар аудару қажеттігін еске салады. Сондықтан мал бағу және өзге жұ­мыстарға араластырмауды сұрайды.