Үш адам көз жұмды: Дәрігерлер Шортандыда зардап шеккендердің жағдайын айтты

Үш адам көз жұмды: Дәрігерлер Шортандыда зардап шеккендердің жағдайын айтты

Үш адам көз жұмды: Дәрігерлер Шортандыда зардап шеккендердің жағдайын айтты
ашық дереккөзі
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов Шортанды кентінде газ баллоны жарылуының салдарынан зардап шеккендердің жағайы туралы айтты. Басқарма басшысының айтуынша, зардап шеккен екі баланың жағдайы өте ауыр, денелерінің 90 пайызын күйік шалған. «Біздегі мәлімет бойынша үш адам көз жұмып, он адам зардап шекті. Жалпы, ауруханаға 11 адам жеткізілді, оның ішінде бір қыз бала дәрігерлер көрген соң туыстарының үйіне амбулаторияда ем қабылдауға жіберілді. Төрт бала шұғыл Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар ауруханасының анестизия және жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Екі ересек адам Нұр-Сұлтандағы №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне орналастырылды. Сонымен бірге, Шортанды аудандық ауруханасында бір бала мен бір әйел станционарлық ем қабылдауда. Қалған зардап шеккендер амбулаториялы ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде жатқандардың жағдайы өте ауыр. Онда жатқан екі баланың бірі, 2009 жылғы ұл мен 2012 жылғы қыздың денелерінің 90 пайызын күйік шалған. Олар өкпені желдету аппаратына қосылған. Күйік бөлімшесіне түскен екі ер адамдардың жағдайы да өте ауыр. Олардың денесінің 70 және 40 пайызын күйік шалған», - деді журналистермен өткен брифингіде Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов. Басқарма басшысы атап өткендей, жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін сол күні Шортанды аудандық ауруханасына Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханадан реанематолгтар мен хирургтар келген. Сондай-ақ, Көкшетау қаласынан санавиациямен құрамында балалар реаниматологтары мен хирургтар топ келіп жеткен.