Жаңалықтар

Педофильдердің елге келуіне тыйым салынбақ – Заң жобасы

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайтын болады.

Бұл құжатта балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер мен терроризмге қатыстылардың елге келуіне тыйым салу ескерілген, – деп жазды ҚазАқпарат.

Заң жобасын бір топ депутат халықтың көші-қон туралы заңының және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірледі.

«Заң жобасы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталғандардың біздің елге келуін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және басқа түзетулерді көздейді, – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Снежанна Имашева.

Back to top button