Жаңалықтар

Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрі шығармақ

Pfizer америкалық фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен Женевадағы дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19-ға қарсы таблетка шығару туралы келісімге қол қойды, – деп жазды Euronews.соm.

Сейсенбіде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, бұл препаратты өндіруге берілген лицензия, аталмыш дәріні әлем халқының 53% тұратын 95 елде шығаруға мүмкіндік береді.

«Бастапқыда бұл дәрі-дәрмекті тек қауіп тобында тұрған адамдар үшін қолдану керек деп ойлаймыз. Мақсаты –олардың ауруханаға түсуіне және аурудың ауыр өтуіне жол бермеу. Сондықтан препаратты алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бірден қабылдау керек», – деді Патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.

Back to top button