17 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

17 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

17 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1993 жылы 16 қарашада Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы құрылды. Қоғам Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты өзара қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарып, Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында достық байланысты нығайту ісіне үлесін қосып отыр. 2005 жылы Қазақстанның орталық спорт клубының альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Антарктидада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, салтанатты түрде лагерь ашты. «Қазақстан - Антарктида-2005» спорттық-альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Оңтүстік полюстегі осы уақытқа дейін ешкім бағындырмаған бес құзар биіктіктің төбесіне табан тіреді. Сөйтіп, бұл биіктіктерге «Қазақстан шыңы», «Астана шыңы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы», «Әл-Фараби шыңы», «Оңтүстік Олимп биіктігі» деген ат берді. Осылайша, Антрактида картасында жаңадан шыңдар пайда болды. 2010 жылы Алматы қаласындағы К.Кожамжаров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында танымал қазақстандық хореограф, балет шебері, ҚР Халық әртісі Болат Аюхановқа әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы - бұл кәсіби саладағы жетістіктердің бағасы, ең жоғары, халықаралық дәрежеде мойындау белгісі. Болат Аюханов – Қазақстандағы бұл сыйлықтың алғашқы лауреаты. 2014 жылы Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының 100 томдық «Балабар сөзі» жинағының таныстырылымы өтті. 2014 жылы Қостанайда зағип ақындар шығарған өлеңдердің алғашқы жинағы жарыққа шықты. «Сезімдер кемпірқосағы» («Радуга чувств») деп аталатын жаңа кітапқа бүкіл облыстағы «ерекше» тоғыз ақынның шығармалары кірді. 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы бекітілді. Стипендияның ай сайынғы көлемі – 20 АЕК. 2016 жылы Қостанай облысының Қостанай мен Таран аудандары мен Рудный қаласының шекарасына өзгеріс енгізілді. Жалпы ауданы 5288 га болатын Қостанай және Таранов аудандарының жер бөлігі облыстық маңызы бар қала Рудный шекарасына қосылды. 2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген орындаған «Moonlight over the Sea» əні АҚШ-та өткен HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS марапаты кешінде «Видео ойындағы үздік саундтрек» аталымы бойынша жеңіске жетті. Үздік санудтрек атанған «Moonlight over the Sea» əні Қытайдың «Moonlight Blade» атты 3D форматтағы онлайн интернеттік ойынына арнап жазылған. 2017 жылы қазақстандық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі атанды. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қазақтың тұңғыш антропологы, қазақтар популяциясының генетикалық құрылымын зерттеуші, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Оразақ Ысмағұлов пен антрополог ғалым Айнагүл Ысмағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» («Казахский народ и его происхождение») кітабының тұсаукесері өтті. Авторлардың зерттеу еңбегі ата-бабасының көне жерінде тұрып жатқан қазақтардың шыққан тегіне қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған. 2020 жылы Алматыда Батырхан Шүкенов бейнеленген пошта маркасы шықты. Батырхан Шүкенов атындағы қор атап өткендей, пошта маркасы #BatyrLetters акциясы аясында шығарылған.