Ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру қажет - Президент

Ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру қажет - Президент

Ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру қажет - Президент
ашық дереккөзі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру қажеттігін айтты. Президент Кеңес мүшелерінің тікелей атсалысуымен елімізді одан әрі демократияландыруға бағытталған реформалардың төрт топтамасы жасақталғанын айтты. «Қазір әйелдер мен жастарға өздерінің әлеуетін іске асыруға қосымша мүмкіндіктер бар. Бірақ, біз мұнымен тоқтамаймыз. Инклюзивті қоғам құру барысында ерекше күтімді қажет ететін адамдарды қамту үшін мен партиялардың сайлау тізімдеріндегі квота санаттарының санын көбейтуді ұсындым», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлаудың енгізілуі қоғамымызды демократияландыру жолындағы үлкен қадам болғанын айтты. Биыл елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланып, нәтижесінде ауыл әкімдерінің корпусы екі есе жаңарды. Қазақстан Президенті ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру қажет екенін айтты. Сонымен қатар Кеңес мүшелерінің ауыл әкімі үміткерлігіне арнаулы орта білімі бар азаматтарға рұқсат беретін норманы бекітуді ұсынғанына тоқталды. Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың бәсін арттырады. Президент Әкімшілігіне үміткерлерге, әсіресе өзін-өзі ұсынған азаматтар үшін үгіт-насихат уақытын ұзарту мәселесі өзекті болып отырғанын, сайлауалды жұмыстарды қаржыландыруға сараланған тәсіл қажет екенін айтып, аталған бастамаларды зерттеуді және нақты ұсыныс беруді тапсырды.