Жаңалықтар

Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысы өтіп жатыр.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиын барысында Мемлекет басшысының Ұлттық кеңес аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Отырыс кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтіп жатыр. Президенттің баспасөз қызметі Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырған.

Айта кетейік, Ұлттық кеңес ұсынысымен 90-нан астам нормативтік-құқықтық акті, оның ішінде 20 заң қабылданды. Тағы 12 заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының қатысуымен кеңестің 5 отырысты өтті.

Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық кеңес мүшелерімен 28 жеке кездесу өткізді. 2020 жылы пандемия жағдайында Ұлттық кеңес мүшелерінің министрлермен онлайн кездесулері ұйымдастырылды.

Back to top button