Жаңалықтар

Күдіктілер ұсталды: Қостанайда өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Жітіқара полицейлері ер адамды өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қараша күні Жітіқара аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне өрт сөндірушілерден үйдегі өртті сөндіру кезінде белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Ол жерден полицейлер күйіп кеткен ер адамның денесін тапты. Қызметкерлер оның 33 жастағы Жітіқара қаласының тұрғыны екенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы ер адамның денесінде адам өміріне қауіпті дене жарақаттары бар екенін көрсетті», – деп түсіндірді полициядан.

Ведомство сот алды тергеудің басқа деректерінің ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді.

Back to top button