Күйзелісте болған: Таразда полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды

Күйзелісте болған: Таразда полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды

Күйзелісте болған: Таразда полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды
ашық дереккөзі
Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тараз қаласының Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне 15 қарашада шамамен 03:00-де Жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйелдің секіруге дайын тұрғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп, қызбен сөйлесіп, оны райынан қайтарып, құтқарып алған. 22 жастағы қала тұрғынын Тараз қалалық Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының Айдын Абдрахманов пен Рауан Мирибилдаев басқармаға жеткізді. Қыз өзінің күйзелісте болғандықтан суицидке бармақ болғаны жайлы айтқан. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда психологтармен бірлескен жұмыс жасалуда.