Жеке сот орындаушысы ата-анасыз қалған 15 және 3 жастағы қыздардың үйін сатып жібермек болған

Жеке сот орындаушысы ата-анасыз қалған 15 және 3 жастағы қыздардың үйін сатып жібермек болған

Жеке сот орындаушысы ата-анасыз қалған 15 және 3 жастағы қыздардың үйін сатып жібермек болған
ашық дереккөзі

Жеке сот орындаушысы анасы сотталып кеткен 15 және 3 жастағы қыздарды үйінен күштеп шығарып, олардың баспанасын сатып жібермек болған, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жеке сот орындаушысының бұл ісін Медеу аудандық сотының судьясы да мақұлдап, шешім шығарып берген. Алайда, қалалық соттың судьясы Бақытжан Елшібаев Медеу аудандық сотының қаулысын бұзып, шешімнің күшін жойған. Судьяның анықтауы бойынша жеке сот орындаушы анасы сотталып кеткен балалардың үйін, өз бетінше бағалап, сатуға қоймақ болған. Қыздардың анасы Дилара Иделшаева бес адвокатты бірден жалдап, сотқа жүгінген.
«Жеке сот орындаушысы атқару парағын орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұсыныспен сотқа жүгінді. ЖСО талаптары оның өндірісінде И.-дан және басқа да сотталғандардан жәбірленуші К-ның материалдық залалдың пайдасына 46 млн. теңге сомасында ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы атқару парағының болуымен негізделген. Борышкерде (сотталған И.) басқа мүлік пен ақша қаражатының болмауына байланысты сот орындаушысы Алматы қаласында орналасқан жылжымайтын мүліктегі ½ үлестен өндіріп алуды сұрады. Бұл үйде сотталушының әпкесі мен балалары тұрады. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымымен ЖСО ұсынысы қанағаттандырылды, борышкер мүлкінің ½ үлесіне өндіріп алынды», - деп хабарады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Шешім шығарған аудандық соттың судьясы мен сот орындаушысы жазаланады.
«Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы ЖСО ұсынымын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа ұйғарым шығарумен жойылды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына жеке ұйғарым шығарылды», - деді ведомстводан.
15 жастағы қыз оқуын жалғастырып, әрі 3 жастағы сіңілісін де бағып келген. Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қалалық Білім басқармасы да осы уақытқа дейін мән бермеген.
«Сот Алматы қалалық Білім басқармасына сотталған Иделшаева Дилара Әбдірашитқызың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы тағайындауды міндеттеді. Медеу аудандық қорғаншылық органы бұл сот ұйғарымын тек 2021 жылдың қыркүйек айында Динара Иделшаеваның өз қолынан алған. Бұған дейін соттан немесе білім беру мекемесінің әкімшілігінен олардың ата-анасыз қалғаны туралы ақпарат түспеген. Балалар Алматы қаласы, Учительская көшесі 40-үй мекен-жайында Динара Иделшаевамен (сотталушы Иделшаеваның әпкесі) бірге тұрады. Наргиз Алматыдағы Республикалық жоғары колледжде оқиды, ал сіңлісі оның тәрбиесінде. Наргиз кәмелеттік жасқа толған бойда сіңлісі Амираны қамқорлыққа алығысы келетінін білдірді. Балалар Динараның қамқорлығында болады. Алдағы уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі шешілмек», - деді Білім басқармасының өкілдері.
Заңгер балалардың әлі де көмекке  мұқтаж екенін айтады.
«Қалалық сот заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жеке сот орындаушы Расуловқа қатысты жеке ұйғарым шығарды. Палата енді оны жазалайды. Судья Молдабаев та дәл осылай жазаланады. Наргиз бен оның сіңілісіне қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет. Оларға әлі де қолдау керек. Көмектесіңіздер. Наргиз еден жуады, даяшы болып жан бағады. Бірақ сіңлісін балабақшаға беруге ақшасы жетпейді», - деді заңгер.