Интернаттағы әлімжеттік: Степногорсктегі спорт мектеп-интернатының директоры қызметінен қуылды

Интернаттағы әлімжеттік: Степногорсктегі спорт мектеп-интернатының директоры қызметінен қуылды

Интернаттағы әлімжеттік: Степногорсктегі спорт мектеп-интернатының директоры қызметінен қуылды
ашық дереккөзі

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы спорт мектеп-интернатында болған әлімжеттіктен мектеп директоры қызметінен қуылды, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Әлімжеттікке жол берген басқа да қызметкерлер жазаланады: қала әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыстық спорт басқармасы басшысына қатаң сөгіс берілді. Аймақ әкімінің сөзінше, мектеп-интернаттың тек үш қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған, мектеп директоры әлімжеттік жасаған оқушыларды оқудан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салған. Соққыға жығылған оқушылардың ата-аналары бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін қоғамның наразылығын тудырды.
«Мемлекет бұл мектепті толық қамтамасыз етіп отыр. Мұғалімдердің жалақысы, балалардың тамағы мен киімі бәрі бюджеттен бөлінеді. Мұндай бассыздыққа жол берілуі басшылықтың дұрыс тәрбие мен идеологияны оқушыларға сіңіре алмауынан және жұмысқа селқос қарауынан туындап отыр. Қызметтен ол жай кете салумен құтылмайды. Жағдай үшін жауап беруі қажет», – дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.
Естеріңізге сала кетейік, аталған білім ошағындағы 8-сынып оқушыларының өзінен кіші балаларды ұрып-соғып, ақша талап еткені түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған болатын.