Алматыда 5 автобустың әйнегін таспен шаққан жасөспірімдер жазаланды

Алматыда 5 автобустың әйнегін таспен шаққан жасөспірімдер жазаланды

Алматыда 5 автобустың әйнегін таспен шаққан жасөспірімдер жазаланды
ашық дереккөзі

Алматыда 5 автобустың әйнегін тас атып шаққан жасөспірімдерді ювенал полиция есепке алды, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға Алматы қаласының Алатау аудандық автокәсіпорын басшысы арыз түсіріпті. Арызда бір ай ішінде белгісіз біреулер №25 бағыттағы бес автобустың әйнегін шағып кеткені айтылған.
"Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7 және 9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Балалар әрекеті үшін олардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы "Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл норманың санкциясы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы полковник Ілияс Өмірсеріков.
Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.