Ішімдік ішкен әйелдің кесірінен Нұр-Cұлтан - Шарм-Эль-Шейх бағытындағы ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх бағытындағы жолаушылар ұшағы борттағы мас жолаушының кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz ІІМ көлік департаментіне сілтеме жасап.

"Елорданың 59 жастағы тұрғыны алкогольдік ішімдік ішіп, ұшақтағы ережелерді бұзып, өзін агрессив ұстады, бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспады. Ақтауда жоғарыда аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша арнайы шара қолдану үшін әйел адам полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды", – деді департамент бастығының орынбасары Қалижан Қобландин.
Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу" және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабының 1-бөлігі "Әуе кемесінде жүріс-тұрыс қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.