"Мирзоян, Надежда, Ореховая..": Оралда 11 көшенің атын өзгерту жоспарланып отыр

"Мирзоян, Надежда, Ореховая..": Оралда 11 көшенің атын өзгерту жоспарланып отыр

"Мирзоян, Надежда, Ореховая..": Оралда 11 көшенің атын өзгерту жоспарланып отыр
ашық дереккөзі

Оралдағы 11 көшенің атын өзгерту жоспарланып отыр. Құжат қазір көпшілік талқылауына жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

"Ашық НҚА" порталында БҚО облыстық мәслихатының "Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" шешімі көпшілік талқылауына жіберілді. Құжатқа сәйкес, мына көшелердің атын өзгерту жоспарланып отыр: Московская көшесі - Тәуелсіздік көшесі; Мирзоян көшесі - Желтоқсан көшесі; Согласия көшесі - Шәпет Қоспанов көшесі; Тәуелсіздік көшесі - Бисен Жұмағалиев көшесі; Светлая көшесі - Базарбай Жұманиязов көшесі; Надежда көшесі - Тұяқберді Шәмелов көшесі; Листная көшесі - Жаңақали Набиуллин көшесі; Букетная көшесі - Николай Чесноков көшесі; Вольная көшесі - академик Сухан Камалов көшесі; Ореховая көшесі - Алдияр Рахметов көшесі; Евразийская көшесі - Еуразия көшесі. Тұрғындар өз пікірін 23 қарашаға дейін қжазып қалдыра алады.