«Nur Otan»: Елорданы дамытатын тікелей инвестициялар мәселесі талқыланды

«Nur Otan»: Елорданы дамытатын тікелей инвестициялар мәселесі талқыланды

«Nur Otan»: Елорданы дамытатын тікелей инвестициялар мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі

Тікелей инвестиция және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық өсу мәселесі - өңірлік дамудың ең өзекті аспектілерінің бірі.

Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласында іске асырылып жатқан шетелдік инвестиция үлесі бар жобаларға халық үшін әлеуметтік қолайлылық және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосу тұрғысынан мониторинг жүргізеді. 12 қарашада «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста қалалық жобаларды іске асыру кезінде ESG («экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару») қағидаттарын қолдану талқыланды, бұл қоршаған ортаны қорғауды және жоғары әлеуметтік жауапкершілікке қол жеткізуді көздейді.
Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаевтың айтуынша, «Нұр-Сұлтан қаласында тікелей шетелдік инвестицияның COVID-19-ға дейінгі (2016-2019 жж.) орташа жылдық өсуі 65% болды, ал COVID-19 кезінде тікелей шетелдік инвестиция 34%-ға төмендеді. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 1 116 млрд теңге болды. Инвестиция тартудың негізгі секторының бірі - жаңартылатын энергия көздері. ЖЭК құрылысына 2014 – 2020 жылдар аралығында 1,5 млрд.долл. бөлінді. ЖЭК қуаты-10 есе өсті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі - 3,24 млрд.кВтс болды».
Өңірлік даму жөніндегі кеңестің сарапшысы Нұрлан Байқуатов қалалық жобаларды іске асыру кезінде ESG қағидаттарын қолдану туралы айта өтіп, Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Жол картасын бақылауда цифрландыру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті. Қорытындылай келе, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері бірқатар ұсыныстар айтты: жекеменшік мектептерде тегін оқу үшін дарынды балалар арасында конкурстар жариялау, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының тармақтарын іске асыруда Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп жұмыс істеу үшін арнайы алгоритм әзірлеу.