Хабар-ошарсыз кеткен бір отбасындағы 3 адамның денесі батпақтан табылды

Хабар-ошарсыз кеткен бір отбасындағы 3 адамның денесі батпақтан табылды

Хабар-ошарсыз кеткен бір отбасындағы 3 адамның денесі батпақтан табылды
ашық дереккөзі

Алматы облысында іс-түссіз жоғалған бір отбасындағы 3 адамның денесі Үштөбе қаласына барар жолда, көліктен табылған. Көлік батпаққа батып, аударылып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Кешеден бері із-түзсіз жоғалып кеткен бір отбасының мүшелері Үштөбе трассасының бойындағы батпақтың ішінен автокөлікпен бірге табылды. Үш адам мерт болды», – деп жазылған ақпаратта.
Тұрғындардың айтуынша, көлікте болған отбасы мүшелері 14 қарашада хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын Алматы облысы Полиция департаменті тексеріп жатыр.