Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мыңнан астам арыз түскен

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мыңнан астам арыз түскен

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мыңнан астам арыз түскен
ашық дереккөзі

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 125 мыңнан астам өтініш пен хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция Комитеті басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов ведомствоның апта сайынғы брифингінде айтты, деп хабарлайды turkystan.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 125 мыңнан астам өтініш пен хабарлама келіп түсті, 9 645 азаматқа сот талаптар белгіледі, 40 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 70 228 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтарды талдау зорлық-зомбылықтың негізгі себебі - әлеуметтік проблемалар, оның ішінде алкогольді ішімдіктер ішу екенін көрсетті", - деп атап өтті Жасұлан Байкенов.