Түркістан облысының тұрғыны әйел адамды ойыншық тапаншамен қорқытып, 1 миллион теңгесін тартып алған

ашық дереккөзі

Түркістан облысының тұрғыны әйел адамды ойыншық тапаншамен қорқытып, 1 миллион теңгесін тартып алған, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Төлеби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйелден хабарлама келіп түскен. Ол үйіне белгісіз біреу баса көктеп кіріп, қару кезеп, 1 миллион теңгесі мен ұялы телефонын алып кеткенін айтып шағым түсірген.
"Аталған деректі полицейлер Қылмыстық кодектің 192-бабы, яғни "Қарақшылық" бойынша тіркеді. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Ер адам қамауға алынды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқаны белгілі болды.