Атажұрт

Тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі ұйымдастырылды

2021 жылы 14 қараша баскетболдан қандас студенттер арасында тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі өтті. Спорттық шара «Отандастар Қоры» КЕАҚ, Еуразия Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әрі жастар арасындағы салауатты өмір мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған.

Тартысты өткен сайысқа Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген 100-ге жуық қандас студент қатысты. Осылайша, «OTANDASTAR CUP» турнирінде жалпы алғанда 14 команда (ұлдар тобы – 10, қыздар тобы – 4) бақ сынады.

«Жыл сайын елімізге 3000-ға жуық қандас жас білім алуға келеді. Жастар мемлекеттің демографиялық және экономикалық басты қозғаушы күші екенін ескерсек, біз үшін қандастарымыздың оқу бітіргеннен кейін Қазақстан азматтығын алып, атамекеніне оралуы маңызды. Ол үшін, әрине, біздің тараптан да жан-жақты қолдау көрсетілуі керек. Қандастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған баскетбол турнирі – сондай қадамдардың бірі ғана. Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген алғашқы турнирге 14 команда қатысып, қатысушылар тарапынан жақсы керібайланыс алдық. Келесі жылы турнирді республикалық деңгейде өткізіп, басқа қалаларда оқып жатқан қандас студенттерді де тартуды жоспарлап отырмыз», – дейді ұйымдастырушылардың бірі «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президентінің Кеңесшісі Дидар Болат.

whatsapp image 2021 11 15 at 16.38.23 1

Бұдан бөлек, «Отандастар Қоры» жастармен үнемі байланыста болу үшін 2019 жылы Қоғам жанынан «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымын құрды. Себебі қазіргі таңда атамекенге көш басын бұрғандардың көпшілігі – жастар. Егер олардың мақсаты Қазақстанда білім алып, өздерін әр қырынан дамыту болса, онда аталмыш ұйым шетелдегі қандас жастар мен ел аумағында білім алып жатқан студенттер үшін түрлі бағыттағы шараларды жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы ұйым жетекшісі өз пікірін былай жеткізді.

 «Осы жылы бірқатар спорттық іс-шараларды өткердік. Себебі жаһандық COVID-19 пандемиясы салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылданудың маңыздылығын танытты. Жыл басынан бері «Отандастар» марафонын, киберспорт пен шахмат туринирін ойдағыдай өткізсек, енді, міне, бескетбол турнирін өткізіп отырмыз. Себебі баскетбол турнирі қандас студенттер арасында үлкен сұранысқа, қызығушылыққа ие. Рас, қазақстандықтар үшін таңсық саналатын баскетболды Моңғолия, Қытай мен Өзбекстаннан келген қазақ жастар сауатты, шебер ойын өрнегін көрсетті. Алдағы уақытта біз Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясымен байланысып, қандас студенттердің баскетболмен кәсіби тұрғыда айналысуына жағдай жасауды көздеп отырмыз», – дейді «Жас қазақ» жастар ұйымының төрағасы Алжан Шарифов.

Турнир нәтижесінде ұлдардан «Қобда» командасы (Тілек Елдос, Бақзат Нұрлан, Өмірбек Тойылбек, Базарбек Айболат, Баяр Айболат) жеңімпаз деп танылса, ІІ орынға «Blackpink» командасы (Еңбек Жұматай, Дамыс Арысбек, Шаймұрат Шалқар, Баясгалан Ахжол, Бахытжан Нұр, Батхан Жәнібек), ал ІІІ орынға «Қыран» командасы (Садырбек Абдуллин, Азамат Оңғарбек, Көпбай Еренгайб, Амантай Ғасыртілек, Хонаев Харжаубай, Зурман Манарбек, Хавдрасол Иманқажы) ие болды. Қыздар арасындағы ойынның қорытындысы бойыша I орынға «Miami» командасы (Хуандық Ахсунхар, Инатиллаева Бибінұр, Хабыл Ақерке, Сайлау Мөлдір, Мамырхан Нұрбота, Нағашбай Нұржан), ІІ орын – «Ethnic Kazakhs» командасы (Қалиева Құмарай, Абдугалиева Айжан, Ажибаева Әсел, Адаманова Айдана, Сабина Мейманкулова), ІІІ орынға «BM» командасы (Темірбек Айнұр, Солтанбек Ақерке, Солтанбек Ақмарал, Хаумет Гүлжанат, Ахират Күлзира, Аманбек Бота) қол жеткізді. Жеңімпаз командалар кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.

 

 

Back to top button