Тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі ұйымдастырылды
Тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі ұйымдастырылды
2021 жылы 14 қараша баскетболдан қандас студенттер арасында тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі өтті. Спорттық шара «Отандастар Қоры» КЕАҚ, Еуразия Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әрі жастар арасындағы салауатты өмір мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған.
Тартысты өткен сайысқа Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген 100-ге жуық қандас студент қатысты. Осылайша, «OTANDASTAR CUP» турнирінде жалпы алғанда 14 команда (ұлдар тобы – 10, қыздар тобы – 4) бақ сынады.
«Жыл сайын елімізге 3000-ға жуық қандас жас білім алуға келеді. Жастар мемлекеттің демографиялық және экономикалық басты қозғаушы күші екенін ескерсек, біз үшін қандастарымыздың оқу бітіргеннен кейін Қазақстан азматтығын алып, атамекеніне оралуы маңызды. Ол үшін, әрине, біздің тараптан да жан-жақты қолдау көрсетілуі керек. Қандастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған баскетбол турнирі – сондай қадамдардың бірі ғана. Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген алғашқы турнирге 14 команда қатысып, қатысушылар тарапынан жақсы керібайланыс алдық. Келесі жылы турнирді республикалық деңгейде өткізіп, басқа қалаларда оқып жатқан қандас студенттерді де тартуды жоспарлап отырмыз», - дейді ұйымдастырушылардың бірі «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президентінің Кеңесшісі Дидар Болат.