Спорт

Назым Қызайбайды айыптаған боксшы ұлттық құрамадан кетті

Бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында болған Ангелина Лукас кәсіби боксқа ауысты. Бұл туралы ол Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.

Лукас 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Jekpe-Jek аренада кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізбек.

«Түсіндіре кетейін, 2021 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтанға ұшып келдім. Ұлттық құраманың сапынан шығу туралы өтініш жаздым. Көпшілік Республика құрамасында бармын ба, жоқпын ба, соны сұрайды. Енді құрамада емеспін.

Жоспарым баяғыша. Әлі де әлем чемпионатының, Олимпиада ойындарының медалін иеленгім келеді. Осы мақсатқа жетуді көздеймін. Сондай-ақ, кәсіби бокста да атаққа қол жеткізгім келеді, – делінген жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, Ангелина Лукас осыдан екі ай бұрын өзімен бір келіде жұдырықтасатын екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың «командада күн көрсетпеді, құрамадағы барлық қыздарды уысында ұстайды» деп айыптап, Елбасы мен Президенттен араша сұраған болатын.

Back to top button