Жаңалықтар

Міндетті түрде қайтадан вакцина салдырамын – Асқар Мамин

Премьер-министр Асқар Мамин қайтадан коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Міндетті түрде қайтадан вакцина салдырамын. Осы апта немесе келесі аптаға  жоспарлап отырмын. Маусым айында «Спутник V» вакцинасын алдым. Қазір Pfizer, өзіміздің QazVac және Қытай вакциналары бар. Қандай препаратты салдыратынымды әлі шешпедім», – деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакциналанған азаматтарды қайта вакцинациялау 22 қарашада басталатынын айтқан болатын. 

Back to top button