Павлодарда колледж бухгалтері 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Павлодарда колледж бухгалтері 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Павлодарда колледж бухгалтері 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
ашық дереккөзі

Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қ. «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.
Оқу орнының бас есепшісі Ю.Безпалая қызметін асыра пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған. Бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар ол 10 жылға дейін есепші қызметінен шеттетілді.