Семейде ер адам көпірден секіріп қаза тапты

Семейде ер адам көпірден секіріп қаза тапты

Семейде ер адам көпірден секіріп қаза тапты
ашық дереккөзі

Семейде ер адам көпірден секіріп қаза тапты, деп хабарлайды  turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қараша күні Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден ер адамның секіріп кеткені жайында хабарланған. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Бұл факті бойынша Семей ПБ орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді.