Семейде ер адам көпірден секіріп қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kzsputnik.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қараша күні Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден ер адамның секіріп кеткені жайында хабарланған.
"Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Бұл факті бойынша Семей ПБ орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді.