Конференция өзегі – «Қазақстандық даму жолы»
Конференция өзегі – «Қазақстандық даму жолы»
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды turkystan.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Алматы қаласы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Конференцияның ашылуында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы оқыды. Хатта: «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты іс-шаралар халыққа рухани серпіліс әкелуі қажет. Бұл тарихи датаның мәні мен маңызын халыққа түсіндіру, ашып көрсету өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның берері мол», – делінген.