Атырауда газ баллоны жарылғанда зардап шеккен екі адам көз жұмды

Атырауда газ баллоны жарылғанда зардап шеккен екі адам көз жұмды

Атырауда газ баллоны жарылғанда зардап шеккен екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі

Атырауда газ баллоны жарылғанда зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, II - III дәрежелі күйік алған 19 жастағы екі жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан. 2002 жылы туған науқас 14 қарашада, ал 2002 жылы туған екінші науқас 15 қарашада қайтыс болды. Екі пациент 2021 жылғы 10 қарашада ауруханаға түскен. Көрсетілген уақыт аралығында дәрігерлердің бақылауында болды, бірақ құтқарып қалу мүмкін болмаған.