«Nur Otan» партиясының депутаттары туралы не білеміз?

«Nur Otan» партиясының депутаттары туралы не білеміз?

«Nur Otan» партиясының депутаттары туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында қазақстандықтарды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен таныстыруды жалғастыруда.   Еңбек жолын қарапайым маман болып бастап, ірі кәсіпорындардың басшылығына дейінгі жолдан өткен олар бүгінде қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады. Сондай-ақ, жүздеген және мыңдаған қазақстандық отбасыларды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Солардың бірі – партияішілік праймериздердің жеңімпазы, Ақмола облысы мәслихатының депутаты Әбілқайыр Ошақбаев. Ол еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласындағы жас маман болып бастап, бидайдың жоғары сапасымен және мал шаруашылығы өнімдерімен танымал болған ірі кәсіпорынның негізін қалаушы және басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті. Халық қалаулысының ауылдастары үшін жасаған игі және пайдалы істері аз емес. Ол Қоржынкөл ауылындағы мектеп пен фермерлік-акушерлік пунктті өз қамқорлығына алып, осы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстары мен электр энергиясы шығындарын өз есебінен өтейді. Сондай-ақ, депутат туған ауылындағы 5 көше мен су құбырын жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ірі көлемде қаражат бөлді. Партияның тағы бір жарқын өкілі – «Nur Otan» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов. Оның бастамасымен 11 жыл ішінде жүздеген қайырымдылық жобалары іске асырылған. Ол 2018 жылы Жамбыл атындағы Алматы жасөспірімдер кітапханасын жаңғырту жұмыстарына демеуші болды. Карантин кезінде «Biz Birgemiz» акциясы аясында депутат 300-ден астам отбасыға қаржылай қолдау көрсетіп, Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қаржылай көмек жіберді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қуаныш Сүлейменов өзінің туып-өскен Шалабай ауылында асыл тұқымды мал зауытын дамытты. Кәсіпорын қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірумен және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Одан бөлек, депутат Шалабай ауылдық округін көркейту мен көгалдандыруға, атап айтқанда, көшелерді жарықтандыру, ағаш отырғызу және ескі үйлерді жөндеу бойынша жұмыстарға белсенді қатысады. Сонымен қатар, ол АҚШ, Аргентина және Жапонияда ветеринария саласындағы жас мамандардың білім алуына көмектесіп, орта мектеп оқушыларына стипендия бөлді. Партияішілік праймериздердің тағы бір жеңімпазы, Шымкент қаласы мәслихатының «Nur Otan» партиясынан депутаты – Рәшкүл Оспаналиева.  Ол бұған дейін бастауыш сынып мұғалімі, нан өнімдері комбинатында инженер болып жұмыс істеген. Содан кейін 1994 жылы кәсіпкерлік қызметке кеткен және бүгінде Қазақстандағы ең табысты әйел-құрылысшылардың бірі. Депутат қайырымдылықпен де белсенді айналысады. Айта кетсек, пандемия кезінде «Biz Birgemiz» акциясы аясында ол көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 10 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Партияның көпке үлгі бола білген тағы бір белсендісі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты – Сайра Матайбаева. Бұрын 20 жылдық тәжірибесі бар педагог болған ол бүгінде табысты кәсіпкер. Халық қалаулысы 2019 жылы Қосшыда өз қаражаты есебінен салынған «Дара «Бизнес-академиясы» мектеп-лицейінің құрылтайшысы болып табылады. Мұнда 400-ден астам оқушы тегін білім алады. Ал аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар қосымша пәндерді тегін оқып, үйірмелерге қатысады. Оның бастамасы бойынша балалар үйлеріне жиһаз тегін жеткізіліп, емделуге көмек көрсетіледі және сол сияқты көптеген игілікті істер жасалады. Еске сала кетейік, өткен сайлау қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65%-ке жаңарды. Билеуші партиядан шыққан депутаттардың орташа жасы 45-ті құрап, 6 жылға жасарды. Әйелдер үлесі 11-ден 30%-ке дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 16-дан 23%-ке дейін өсті.