Әскери бөлімнен кетіп қалған: Ақмола облысында сарбаз іздестірілуде

Әскери бөлімнен кетіп қалған: Ақмола облысында сарбаз іздестірілуде

Әскери бөлімнен кетіп қалған: Ақмола облысында сарбаз іздестірілуде
ашық дереккөзі
Ақмола облыстық ПД мәліметінше, биыл 12 қараша күні кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан. Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан. Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген. Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен. «Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», - деп жазды ҚазАқпарат. Қазіргі кезде жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.