Иран кәсіпкерлері Ақтауға 40 миллион доллар инвестиция құюға дайын

Иран кәсіпкерлері Ақтауға 40 миллион доллар инвестиция құюға дайын

Иран кәсіпкерлері Ақтауға 40 миллион доллар инвестиция құюға дайын
ашық дереккөзі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ирандық «NIAK» компаниясының делегациясын қабылдады.

«NIAK» компаниясының құрылтайшысы Хьюман Байат Ақтауда фармацевтикалық фабрика жобасын жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Баспасөз қызметінің мәліметінше, инвесторлар төрт кезеңнен тұратын жобаға 40 млн АҚШ долларын құймақ. Алғашқы кезеңін биыл жыл соңына дейін іске қосуды көздеп отыр. Қазір «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағымен келісім-шарт жасасып, кәсіпорынның құрылысы үшін жер берілді. Сонымен қатар дайын ғимарат беру де жоспарланып отыр. Кәсіпорында айына 2 млн құты дезинфекция құралдарын шығарылмақ. Атап айтқанда антисептик, йод, дәке мен маска өндіріледі. Жоба толық іске қосылған соң 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін және жаңа жұмыс орындарын құратын мұндай бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.