Жаңалықтар

«Қарсыласымызды сыйладық». Килиан Мбаппе Франция-Қазақстан матчы туралы пікір білдірді

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Франция құрамасынан ойсырай жеңілді. Есеп 0:8. Ойыннан кейін қарсылас команданың шабуылшысы Килиан Мбаппе матч жайлы пікір білдірді.

 «Біз өзіміздің титулымызды қорғап қалғымыз келді. Енді біз әлем чемпионатына тек жеңу үшін барамыз, бұл біздің басты мақсатымыз. Ал бұл ойында біз қарсыласымызды сыйлағандықтан, осындай ірі есеппен жеңіске жеттік» дейді Мбаппе.

Килиан Мбаппе ойынның алғашқы таймында-ақ (6,12,32 минуттарда) Қазақстан құрамасының қақпасына 3 гол салып, хет-трик жасады.

Back to top button