Жаңалықтар

Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды

ашық дереккөзі

Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды

Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі. "Бибігүл Жексенбай Нұрғалиқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 1992 жылы Бибігүл Жексенбай қызметтік жолын "Спорт" басылымында тілші болып бастады, кейінірек республикалық қоғамдық-саяси "Жас Алаш" басылымында қызмет етті. Редактор, продюсер қызметтерінде болды, кейіннен "Хабар" агенттігінің директоры қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Жексенбай "Қазақстан" теле-радио корпорациясында да жұмыс істеді.