Жаңалықтар

Германияда коронавирус қайта өршуде: Елде індетті анықтайтын тест тегін болмақ

Германияда коронавирус жұқтыру бойынша рекорд орнады. Бір тәулікте 50 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталған. 

24.kz сайтының мәліметінше, енді бұл елде вирустың бар-жоғын анықтайтын тест тегін болады. Бұл туралы  елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Йенс Шпанның айтуынша, эпидахуалдың нашар болуына байланысты азаматтар арасында тестілеуді көбейту қажет. Ол үшін  ел үкіметі тестілеу орталықтарын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған.

Back to top button