Димаш Құдайберген жапондық телебағдарламаға қатысты

Димаш Құдайберген жапондық телебағдарламаға қатысты

Димаш Құдайберген жапондық телебағдарламаға қатысты
ашық дереккөзі
11 қараша күні «NHK Music Special» жапондық телебағдарламасында «Autumn Strong» («Don’t Go») әйгілі композициясының авторы Коджи Тамакиге арналған шығарылым өтті. Оған қазақтандық әнші Димаш Құдайберген де қатысты, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. «NHK Music Special» бағдарламасының бұл күнгі шығарылымы расымен де ерекше болды. Себебі қонаққа Жапонияның танымал әншісі Коджи Тамаки шақырылды. Музыкант қоғам арасына көптен шықпай, интервью де бермей келген. Жапондық көрермен бұл шығарылымды тағатсыздана тосты. Бағдарламаның арнайы шақырылған қонақтары Джеки Чун мен Димаш Құдайберген болды. Қос әнші де Коджи Тамакидің әйгілі «Autumn Strong» («Don’t Go») әнін қытай тілінде орындаған. Гонконгтық әнші Джеки Чун аталмыш композицияны қытай тілінде алғашқы болып шырқады және қытайлық тыңдарман оны үлкен қошеметпен қабылдады. Кейіннен Джеки Чуннің орындауынан шабыт алған Димаш Құдайберген бұл әнді 2017 жылы Қытайда «I am Singer» байқауы кезінде орындады. Содан бері композиция тек Азия елдерінде ғана емес, сондай-ақ Ресейде және Еуропа елдерінде танымал. «Мен Коджи Тамакиді әнші ретінде өте сыйлаймын. «Don’t Go»-ды тыңдаған кезде жапон жүрегінің тереңдігі, Жапонияның жоғары мәдениетінің байлығы сезіледі. Коджи Тамакидің шығармашылығы ешқашан ескірмейді және әлі де жас орындаушыларға үлкен әсерін тигізіп келеді. Бірегей шығармашылығыңызды бұдан әрі де дамытып, тыңдармандарыңызды қуанта бересіз деген үміттемін», - деді Димаш Құдайберген. Өз кезегінде К.Тамаки қазақстандық әншімен кездескеніне қуанышын білдірді. «Димаштан жылы лебіз естігеніме қуаныштымын. «Don’t Go»-дың түрлі нұсқасы бар. Және қай кезде болмасын, бұл композияны орындаған әнші, өз жасына қарамастан, оның тереңдігін жеткізе білді», - деді жапондық әнші.