Елбасы Жапония императоры Акихитомен кездесті
Елбасы Жапония императоры Акихитомен кездесті
Кездесу барысында екі елдің қарым-қатынастарының қазіргі ахуалы мен оны ары қарай жүйелі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапония түрлі салаларда, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қарусыздану және таратпау саласында тығыз ынтымақтастық орнатып отырғанын атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Елбасы біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған шаралар қабылдайтынын да айтты.