Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды (видео)

Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды (видео)

Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды (видео)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 12 қарашада сағат 08:10 шамасында болғанын хабарлады. 42 жастағы Mercedes жүргізушісі Түркістан көшесімен Бұхар жырау көшесінен Орынбор көшесіне қарай жүріп, рулге ие бола алмай, алдында тұрған алты автокөлікті соққан.  Mercedes инерциямен жол бойында KIA Cerato көлігіне соғылған. "Төрт жүргізуші мен бір жолаушы дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр", - деп атап өтті ведомстводан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)