Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды

Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды

Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды
ашық дереккөзі

Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды.

Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобыландин «Ұлттық мұра» көрмесіндегі құттықтау сөзінде айтты, - деп хабарлайды Қоғамның баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив және құжаттаманы басқару комитеті, «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы РҚБ мен«Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлттық мұра» атты көрме өтті..

«1991 жылы 18 қараша күні Н. Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің 711 қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді. Сол келген қандастарымызбен бірге ұлттық салт-дәстүрімізге, ғылымға, мәдени-рухани қазынамыз да келді», - дейді Қалыбек Ибрагимұлы.