Жаңалықтар

Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарды, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сотта прокурор Біртановтың үй қамақ мерзімін тағы екі айға ұзартуды сұрады.

«Біз қылмыстық қудалау органының күдіктінің үйқамақта болу мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңіне ұзарту туралы өтінішхатын қараудамыз. Сіздің абыройыңыз, қылмыстық қудалау органының Елжан Біртановтың үйқамағын 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін, яғни екі айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандыруыңызды сұраймын», – деді Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бөлімінің прокуроры Төлеген Жараспаев.

Осылайша, Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін ұзартылды.

Back to top button